Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар сауда нысандарының қызметін реттеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ардагерлер ұйымының жұмысы, мемориалдық тақта орнату, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін жеке тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер берді. Жауапты бөлімдерге өтініштерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жауапты мамандардың бақылауына алынды.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен ашық диалог орнатудың, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тікелей тыңдаудың және өзекті мәселелерді жүйелі түрде қарастырудың маңызды тетігі.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайында орналасқан Әуезов ауданы әкімі аппаратына жүгінуге болады.









