«Халық Қаһарманына» арналған әскери-қолданбалы кросс бойынша қалалық ашық чемпионаты

    1 / 3
    Халық Қаһарманы, армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетовті есте қалдыруға арналған әскери-қолданбалы кростан ашық қалалық чемпионат өткізу туралы
    2026 жылғы 12 қазанда Семей қаласының Әскери-патриоттық орталығы базасында Халық Қаһарманы, армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетовке арналған әскери-қолданбалы кростан ашық қалалық чемпионат өтті.
    Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу, сондай-ақ қатысушылар арасындағы достық пен командалық іс-қимылды нығайту болып табылады.
    Жарысқа қаланың жалпы білім беретін мектептері мен әскери-патриоттық клубтарының командалары қатысты. Бағдарламаға 300 метрлік қашықтыққа жүгіру, гранатаны алысқа лақтыру және пневматикалық мылтықтан ату кірді. Қатысушылар өздерінің физикалық дайындықтарын, төзімділіктерін, ептіліктері мен командалық рухын жоғары деңгейде көрсетті.
    Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер алқасы командалық және жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Үздік қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары