ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ МЕРЕКЕСІ

    1 / 2

    Байзақ ауданында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Ұлттық мерекеге арналған іс-шара ел бірлігін дәріптеп, отаншылдық рухты нығайтуға арналды.

    Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сахна төріне шығару рәсімімен басталып, Мемлекеттік Әнұран орындалды.

    Мерекелік шарада аудан әкімі Олжас Баққараев жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Өз сөзінде аудан басшысы ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталып, елдің өркендеуі мен қоғамның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Байзақ жұрты мерекені толымды табыстармен қарсы алып отырғанын жеткізді.

    Бұдан соң ауданның дамуына үлес қосып, түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа еңбегі мен қызметіне көрсетілген құрмет ретінде марапаттар табысталды.

    Мерекелік бағдарлама аясында театрландырылған қойылымдар ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған би қойылымдары көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

    Республика күніне арналған салтанатты жиын ел тарихына деген құрметті арттырып, ұлттық бірлік пен ынтымақтың маңызын айқындай түсті. Тағылымды шара қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтып, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етуге үндеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары