Прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару нәтижесінде түскен қаражат есебінен Арқалық қаласында әуежай салынды. Бүгінде ол тұрғындар арасында сұранысқа ие болып, өңірдің дамуына ықпал етуде.
Жаңа нысан қаланың көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтті. Қазіргі уақытта үш бағыт бойынша аптасына екі рет рейстер орындалады. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп, сапарларын ыңғайлы жоспарлауына мүмкіндік береді.
Тұрғындар әуежайдың жұмысын оң бағалап, әуе қатынасының қолайлылығын атап өтуде. Жаңа нысан қала үшін ерекше маңызға ие болып, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашуда.
Бұл мысал мемлекетке қайтарылған активтердің әлеуметтік маңызы бар нысандарға айналып, қоғам игілігіне қызмет ететінін айқын көрсетеді.
Қостанай облысының прокуратурасы





