1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды тарихи қадам жасалды.
Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, даму жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді және халықаралық аренада лайықты орын алды.
2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, оның тарихи маңызы айқындала түсті.
Ұжымды мерекемен құттықтаған Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев ұлттық бірлікті сақтаудың және ел болашағы үшін әрбір азаматтың жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
«Республика күні – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы. Мемлекеттілікті нығайтуда прокуратура органдарының рөлі ерекше. Заң үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, біз «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға тікелей үлес қосамыз», – деді облыс прокуроры.
Іс-шара барысында заңдылықты нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі атап өтілді.
Облыс прокуроры әріптестеріне адал еңбегі, кәсібилігі және қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы міндеттердің де табысты орындалатынына сенім білдірді.
Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке-бірлік салтанат құрсын!
Қостанай облысының прокуратурасы




