АЛМАТЫДА ДИРЕКТОРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 4

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті Директоратының отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы төрағалық етті.

    Отырыс барысында жаңа Комитеттің медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында құрылғаны атап өтілді.

    Комитеттің негізгі стратегиялық міндеттері ретінде:
    — медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    — пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
    — мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;
    — жүйелі бұзушылықтар мен медициналық тәуекелдердің алдын алу;
    — аумақтық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру айқындалды.

    Комитет төрағасы Ахметнияз Лаурра Мұстафақызы 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындылары туралы баяндады.

    Талқылау барысында тексерулердің нәтижелілігіне, анықталған заңбұзушылықтарды жоюға, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге, цифрлық шешімдерді дамытуға және медициналық ұйымдардағы ішкі сапа жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

    Комитет жұмысының басты қағидаты: өткізілген тексерулердің саны емес, нақты нәтижесі маңызды. Яғни анықталған заңбұзушылықтар жойылып, пациенттердің құқықтары қорғалды ма деген мәселе басты назарда болуы тиіс.

    Директорат қорытындысы бойынша Комитетке, оның аумақтық бөлімшелеріне, медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдарға алдағы кезеңге арналған міндеттер жүктелді.Алдағы жұмыс тиімді бақылау жүйесін қалыптастыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және әрбір пациенттің сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті" жаңалықтары