Шортанды ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті

    1 / 6

    Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

    Алғашқы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мәселесі қаралды. Бұл тақырып бойынша Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тынысбекова Балшекер Қалабайқызы баяндама жасады.

    Одан кейін егін жинау науқанының қорытындылары және ауыл шаруашылығы жылының нәтижелері туралы Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Быкова Наталья Юрьевна ақпарат берді.

    Сонымен қатар аудан әкімі тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Айнұр Доржқызы баяндады.

    Кеңес соңында әртүрлі мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары