Абай облысында тазалық талаптарын бұзғандарға бақылау күшейтілді

    Абай облысында тазалық талаптарын бұзғандарға бақылау күшейтілді. Бір аптада 355 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Тіркелген құқық бұзушылықтардың басым бөлігі абаттандыру талаптарын сақтамауға қатысты:

    – 320 дерек – абаттандыру қағидаларын бұзу;

    – 35 дерек – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.

    Көшеге қоқыс тастау, белгіленген абаттандыру талаптарын елемеу, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау – ұсақ-түйек мәселе емес. Мұндай әрекеттер елдімекендердің санитарлық жағдайына кері әсер етіп, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне кедергі келтіреді.

    Осы ретте полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы профилактикалық және бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары