Жетісу облысында полиция абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтауды жалғастыруда

    Жетісу облысында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтауды жалғастыруда.

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды ластау және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау фактілерінің алдын алу бағытында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

    Аталған құқық бұзушылықтарды анықтауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары кеңінен қолданылуда. Олардың көмегімен қоғамдық орындарға тұрмыстық қалдықтар мен темекі тұқылдарын тастау, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзу деректері тіркелуде.

    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, тазалық сақтау мен абаттандыру қағидаларын ұстанудың маңыздылығын түсіндіруде.

    Бұл бағыттағы жұмыстар “Заң мен тәртіп” қағидаты және “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бастамасы аясында жалғасуда.

    Полиция тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарды ластамауға және абаттандыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары