Ержан Саденов киберқылмысқа қарсы күресте елдердің құқық қорғау органдарын күш біріктіруге шақырды

    1 / 2

    Астанада өтіп жатқан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов түрлі елдердің құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

    — Киберқылмыс мемлекеттік шекараларды мойындамайды. Қылмыскер бір елде, ал оның құрбаны басқа елде болуы мүмкін. Ұрланған қаражат санаулы минуттардың ішінде бірнеше мемлекеттің банк шоттары арқылы өтеді, — деді министр.

    Ержан Саденов ақпарат алмасуды жеделдетудің, қылмыстық схемаларды бірлесіп анықтаудың және халықаралық тергеу іс-қимылдарын үйлестірудің маңызын атап өтті.

    — Біз бірлесе әрекет етуіміз қажет. Ақпарат алмасуды жеделдетіп, қылмыстық схемаларды бірге анықтап, тергеу жұмыстарын үйлестіруіміз керек. Ең бастысы – қылмыстарды ашумен ғана шектелмей, олардың алдын алу, — деп атап өтті министр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары