Қазақстан киберқылмысқа қарсы күресте халықаралық күш-жігерді біріктіруде

    1 / 4

    Бүгін Астанада ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен, БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Интерполдың қолдауымен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ауқымды халықаралық конференция өтіп жатыр.

    Қазақстан цифрлық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бастамашы болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету және азаматтарды заманауи қауіп-қатерлерден қорғау жөніндегі саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

    Конференцияға 27 шет мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.

    Іс-шараның басты мақсаты — трансұлттық киберқылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, озық технологиялармен алмасу және нақты практикалық шешімдер әзірлеу мәселелері тұр.

    Астана Қазақстанның өз тәжірибесін таныстырып қана қоймай, азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғауға бағытталған жаңа халықаралық бастамаларды ұсынатын маңызды алаңға айналып келеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары