Шортанды ауданының әкімдігі
Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған, 4675,6 ш. км аумақты алып жатыр
Аудан аумағында 9 селолық, ауылдық округ және 2 кент бар.
Ауданның мамандануы - алтын өндіру, астық өндірісі, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
Салалық бағыт - аграрлық-индустриялық.
Шортанды ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Жаңалықтар
АшуШортанды ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті
АшуШетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
АшуБаскөл ауылында заманауи мал бордақылау алаңы ашылды
АшуРеспублика күні қарсаңында Бозайғыр ауылында «AERONIX ASTANA» зауыты ашылды
АшуРеспублика күні қарсаңында Шортанды ауданында 36 пәтерлі тұрғын үйдің кілттері табысталды
АшуВ связи с празднованием Дня Республики Казахстан, центры обслуживания населения, включая специализированные ЦОНы, не будут работать в понедельник, 26 октября. Вместе с тем, суббота, 24 октября, будет рабочим днем для дежурных ЦОНов и спецЦОНов. Так, центры обслуживания населения будут осуществлять прием граждан с 9:00 до 13:00. СпецЦОНы будут открыты для приема заявлений с 9:00 до 12:00, выдача документов - до 13:00. Отметим, что на час раньше начинается и заканчивается рабочий день в Центрах обслуживания населения Восточно-Казахстанской области. С 27 октября ЦОНы и спецЦОНы будут функционировать по стандартному графику работы. Актуальный список дежурных ЦОНов и спецЦОНов можно посмотреть на официальной странице Государственной корпорации в Instagram, а также узнать по номеру 1414.
Құжаттар
Шортанды ауданы бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)
№ п/п Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Жұмыс орны, атқаратын лауазымы Тұрғылықты жері Саяси партияға немесе қоғамдық бірлестікке қатыстылығы Ұлты № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алимбергенова Шолпан Кабжановна 1970 «Ойын-сауық орталығы» КММ, Жолымбет кенті, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті көрсетілмеген қазақ 2. Нуришев Дархан Канатович 2001 «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 3. Садвокасова Гульнур Ануарбековна 1970 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, төрағасы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы қазақ № 2бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Каримова Лаззат Байкеновна 1973 «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті көрсетілмеген қазақ 2. Арғынбек Қадыр 2003 «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ, бақазақс маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 3. Кожамсеитов Ахмедия Шабданович 1964 «Әділет» партиясының Шортанды аудандық филиалы, төрағасы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы қазақ № 3бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Қуатхан Жарылқасын 1996 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бектау ауылы көрсетілмеген қазақ 2. Мухамедалиев Мақсат Еркінұлы 1993 «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, жалпы практика дәрігері Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 3. Анесий Азамат 1980 «Шортанды кентінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы қазақ № 4бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жакеева Самал Сериковна 1989 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 2. Каратокова Жаннур Мукышкызы 1980 «Ақбота» балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 3. Байгазинов Рамазан Тулеубаевич 1972 «Шортанды Су» ШЖҚ МКК, Жолымбет кентіндегі учаске директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті «Әділет» партиясы қазақ № 5бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Муканова Зауреш Жумагалиевна 1982 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 2. Зилифян Гарик Давидович 1999 «Шортанды ауданының Мансап орталығы», жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген армян 3. Шахметов Ерлан Нурланович 1987 «Жолымбет кентінің ОӘКК» КММ, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті «Әділет» партиясы қазақ № 6бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Юрковская Ксения Сергеевна 1997 «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген орыс 2. Кухаренко Анна Юрьевна 1991 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген коми 3. Ткаченко Пётр Петрович 1967 «Бектау» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы орыс № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сыздыков Ильяс Джамбулович 1991 «Тонкерис» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключи ауылы «Ақ жол» ҚДП қазақ 2. Вейкуть Александра Юрьевна 1999 «Шортанды ауданының білім бөлімі» ММ, әдіскер Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген поляк 3. Горячевский Никита Николаевич 2002 «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы «Әділет» партиясы украин № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Погребнякова Татьяна Валентиновна 1975 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы көрсетілмеген орыс 2. Саутбаев Нурлыбек Бейбитшиликович 1988 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 3. Сарсенов Бекжигит Пернехулович 1993 «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы «Әділет» партиясы қазақ № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Тортай Алтын 2000 «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 2. Гетта Лидия Степановна 1989 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген орыс 3. Васильева Елена Николаевна 1983 «Гипрозем» ШЖҚ РМК филиалы, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті «Әділет» партиясы орыс № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Авшукер Аяна Кенжебайқызы 2004 «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ 2. Кащук Сергей Павлович 1990 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы украин 3. Бекишев Максат Есенжолович 1998 «Басколь 2012» ЖШС, директордың орынбасары Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Пригородное ауылы «Ауыл» партиясы қазақ № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Кучальский Сергей Валерьевич 1987 «Раевка» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы поляк 2. Богачева Татьяна Александровна 1971 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Петровка ауылы көрсетілмеген орыс 3. Супекова Айнура Елтаевна 1985 «Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті көрсетілмеген қазақ
"Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығыминистрі 2026 жылғы 16 қазандағы № 365 бұйрығына2-қосымша "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуқағидалары 1-тарау.Жалпыережелер 1.Осы "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібінайқындайды. 2.Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдарпайдаланылады: 1)жер үлесі – жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда бөліп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі; 2)жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе; 3)жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлықкарта; 4)"цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 5)"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 6)электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректержиынтығы); 7)көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері; 8)көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар; 9)мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін цифрландыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе. 10)Бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағыуәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік жәнеөзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойыншаақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға. 2-тарау.Мемлекеттікқызметтікөрсетутәртібі 3.Мемлекеттік қызметті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)көрсетеді. "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. 4.Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге арналған өтінішті және Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын өтініш келіп түскен жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнікөрсетіледі. 5.Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы берілген құжат иесінің келісуі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады. 6.Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күніненбасталады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 7.Көрсетілетін қызметті алушы ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу үшін: 1)жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті береді, ЖКК-да өздігінен тиісті жер учаскесін дербес таңдайды және ресімделуге тиіс жер үлесінің өлшемдерін көрсетеді (жер үлесінің алаңы шаршы метрмен көрсетіледі); 2)өтініш автоматты түрде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушінің қарауына келіптүседі; 3)астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қаланың әкімі – ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органына жібереді; 4)сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды; 5)сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауаптыорындаушысы: 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындайды; жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы: 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін)айқындайды; сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді; 6)сәулет және қала құрылысы саласындағы не жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындайды және шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді; 7)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды және (жер учаскесін жалға не сатып алған жағдайда) жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдайды; 8)жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды және қолқояды; 9)көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке кабинетіне жіберіледі; 10)көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды. 8.Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шарт жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жоюға негіз болып табылады. 9.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімнің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайтабасталады. 10.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай: 1)егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған; 2)азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз және (немесе) әрекет қабiлеті шектеулi деп танылған; 3)мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған; 4)көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады. 11.Мемлекеттік қызмет көрсету процесі: 1)Қағидалардың 10-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін; 2)Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін; 3)Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс. 12.Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінмынадай: 1)қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі; 2)көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімге қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған жағдайда тоқтата тұрады. 13.Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды. Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы берілген жағдайлар кірмейді. Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні көзделеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды. Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 14.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбестен, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жібереді. Уәжді бас тартуда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдаған негіздемелері бар негіздердің толық тізбесі сондай-ақ шағымдану мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі. 15.Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. 16.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. 17.Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. 18.Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетінқызметтіберушілердіңжәне(немесе)олардыңлауазымдыадамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 19.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. 20.Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағынасәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1)шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барыптексеру жүргізу; 2)қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. 21.Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына1-қосымша "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу". 2 Көрсетілетін қызметті берушініңатауы Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) Жоқ. 4 Мемлекеттік қызметті көрсетутәсілдері "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). 5 Мемлекеттік қызметті көрсетумерзімі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде. 6 Мемлекеттік қызметті көрсетунысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған). 7 Мемлекеттік қызметті көрсетунәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және (жер учаскесін жалға не сатып алған жағдайда) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қолы қойылған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алутәсілдері Тегін. 9 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі Порталдың – техникалық жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарыныңмекенжайлары: 1)Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2)көрсетілетін қызметті берушініңwww.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3)"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталындаорналастырылған. 10 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Порталға: 1)осы бұйрықпен бекітілген "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге өтініш; 2)сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесінің уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі немесе жер-кадастрлық жоспары); 3)жер қатынастары саласындағы жеке және заңды тұлғалармен айқындалған жер үлесі есебінің электрондық көшірмесі; 4)жер учаскесін жеке меншік құқығына сатып алу жағдайында жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің немесе жалдау төлемі есебінің электрондықкөшірмесі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 11 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1)көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3)көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 4)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімнің) болуы; 5)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынанайырылады. 6)осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердіжоймау. 12 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке кабинеті, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан әкіміне (облыс, қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) кімнен (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы) (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (жеке тұлғаның, сондай-ақ заңды тұлғаның немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге арналған өтініш (жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы, кадастрлық нөмірі) орналасқан алаңыгектар, оның ішінде жер учаскесінің үлесігектар мемлекеттік меншіктегі/ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесін/жер учаскесіндегі жер үлесін үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ресімдеп беруіңізді сұраймын. Дербес деректерімді және "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Өтінішке жария кадастрлық картада қалыптастырылған жер учаскесінің схемасы қоса беріледі. Өтініштің берілген күні: Көрсетілетін қызметті алушы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
"Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығыминистрі 2026 жылғы 16 қазандағы № 365 бұйрығына 1-қосымша "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуқағидалары 1-тарау.Жалпыережелер 1.Осы "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. 2.Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдарпайдаланылады: 1)көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері; 2)көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар; 3)жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; 4)жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі; 5)жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Жер кодексі) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 6)жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы. 7)Бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағыуәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік жәнеөзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойыншаақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға. 2-тарау.Мемлекеттікқызметтікөрсетутәртібі 3.Мемлекеттік қызметті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. 4.Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы өтінішті және Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Кеңсе қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын өтініш келіп түскен жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнікөрсетіледі. 5.Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы берілген құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады. 6.Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түскен жағдайда, мерзім келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 7.Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және құрылысжайды пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруге өтінішті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді. 8.Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды. 9.Құрылыс салу, объектіні күтіп-ұстау, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қорытынды дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 10.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде: 1)жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды; 2)жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі; 3)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге қол қояды. Жеке меншік құқығы сатып алынған кезде: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер учаскесін сатып алу-сату шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартының жобасын дайындайды. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартына қол қояды. 11.Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі және жеке меншік құқығын сатып алған жағдайда жер учаскесін сатып алу-сату шарты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. 12.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарламаны жіберген күннен бастап басталады. 13.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін мынадай: 1)егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған; 2)азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 3)мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған; 4)көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады. 14.Мемлекеттік қызмет көрсету процесі: 1)Қағидалардың 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін; 2)Қағидалардың 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мәселе шешілгенге дейін; 3)Қағидалардың 13-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс. 15.Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінмынадай: 1)қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі; 2)көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімге қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған жағдайда тоқтата тұрады. 16.Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды. Қағидалардың 13-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы берілген жағдайлар кірмейді. Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні көзделеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды. Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 17.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбестен, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жібереді. 18.Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. 19.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді. 20.Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. 21.Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетінқызметтіберушілердіңжәне(немесе)олардыңлауазымдыадамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 22.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. 23.Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағынасәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1)шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2)қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. 24.Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Құрылысты пайдалануғабергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру". 2 Көрсетілетін қызметті берушініңатауы Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) Жоқ. 4 Мемлекеттік қызметті көрсетутәсілдері Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. 5 Мемлекеттік қызметті көрсетумерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде. 6 Мемлекеттік қызметті көрсетунысаны Қағаз түрінде. 7 Мемлекеттік қызметті көрсетунәтижесі Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі және сатып алу-сату шартын жасау (жеке меншік құқығын сатып алған кезде) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алутәсілдері Тегін. 9 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда. Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түскен жағдайда Мемлекеттік қызмет келесі жұмыс күнікөрсетіледі; Мемлекеттік қызмет көрсету орындарыныңмекенжайлары: 1)Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz; 2)"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталындаорналастырылған. 10 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге: 1)осы бұйрықпен бекітілген "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруге өтініш; 2)сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі не жер-кадастрлықжоспары); 3)жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалануға (жалдауға) жасалған шарттың көшірмесі; 4)жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеде есепке алудан өткен және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілген салынған объектіні пайдалануға беру актісі; 5)жер учаскесінің (жер учаскесін сатып алуған жағдайда) кадастрлық (бағалау) құнын айқындауактісі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 11 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінанықтау; 2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде, 44-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде және 44-2-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3)көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімініңболмауы. 4)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімнің) болуы; 5)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынанайырылады. 6)осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердіжоймау. 12 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке кабинеті және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуқағидаларына 2-қосымша Нысан әкіміне(облыс, қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы) (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (жеке тұлғаның, сондай-ақ жеке тұлға немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттыңдеректемелері, байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруге өтініш (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері), кадастрлық нөмірі) мекенжайы бойынша орналасқан алаңыгектар, үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) жер учаскесіне бұрын жалға берілген жер учаскесіне салынған объектіні пайдалануға енгізу актісінің негізінде жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын. Дербес деректерімді және "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы (жеке тұлғаның не уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) 20жылғы ""
Алматы облысы Шортанды аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)
2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алимбергенова Шолпан Кабжановна 1970 «Ойын-сауық орталығы» КММ, Жолымбет кенті, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Нуришев Дархан Канатович 2001 «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Садвокасова Гульнур Ануарбековна 1970 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, төрағасы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Каримова Лаззат Байкеновна 1973 «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Арғынбек Қадыр 2003 «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Кожамсеитов Ахмедия Шабданович 1964 «Әділет» партиясының Шортанды аудандық филиалы, төрағасы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Қуатхан Жарылқасын 1996 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бектау ауылы Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Мухамедалиев Мақсат Еркінұлы 1993 «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, жалпы практика дәрігері Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Анесий Азамат 1980 «Шортанды кентінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жакеева Самал Сериковна 1989 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Каратокова Жаннур Мукышкызы 1980 «Ақбота» балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Байгазинов Рамазан Тулеубаевич 1972 «Шортанды Су» ШЖҚ МКК, Жолымбет кентіндегі учаске директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті «Әділет» партиясы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Муканова Зауреш Жумагалиевна 1982 «Шортанды аудандық мәслихатының аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Зилифян Гарик Давидович 1999 «Шортанды ауданының Мансап орталығы», жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Шахметов Ерлан Нурланович 1987 «Жолымбет кентінің ОӘКК» КММ, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті «Әділет» партиясы № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Юрковская Ксения Сергеевна 1997 «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Кухаренко Анна Юрьевна 1991 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Ткаченко Пётр Петрович 1967 «Бектау» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сыздыков Ильяс Джамбулович 1991 «Тонкерис» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключи ауылы «Ақ жол» ҚДП 2. Вейкуть Александра Юрьевна 1999 «Шортанды ауданының білім бөлімі» ММ, әдіскер Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Горячевский Никита Николаевич 2002 «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы «Әділет» партиясы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Погребнякова Татьяна Валентиновна 1975 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Саутбаев Нурлыбек Бейбитшиликович 1988 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Сарсенов Бекжигит Пернехулович 1993 «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы «Әділет» партиясы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Тортай Алтын 2000 «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Гетта Лидия Степановна 1989 «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Васильева Елена Николаевна 1983 «Гипрозем» ШЖҚ РМК филиалы, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті «Әділет» партиясы № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Авшукер Аяна Кенжебайқызы 2004 «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2. Кащук Сергей Павлович 1990 «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы 3. Бекишев Максат Есенжолович 1998 «Басколь 2012» ЖШС, директордың орынбасары Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Пригородное ауылы «Ауыл» партиясы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Кучальский Сергей Валерьевич 1987 «Раевка» ЖШС, директоры Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті «Әділет» партиясы 2. Богачева Татьяна Александровна 1971 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Петровка ауылы Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3. Супекова Айнура Елтаевна 1985 «Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті Өзін-өзі ұсыну тәртібімен
Шортанды ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Қосымша Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «____» ________ № _____________ қаулысына 1-қосымша Шортанды ауданы әкімінің2021 жылғы 21 мамырдағы№ А-4/110 қаулысына 1-қосымша Шортанды ауданы әкімінің2022 жылғы 6 қазандағы№ А-9/222 қаулысына Шортанды ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Шортанды кенті Шортанды кенті, Абылай хан және 30 лет Победы көшелерінің қиылысындағы хабарландыру тұғырлық; Шортанды кенті, Бейбітшілік және Михаил Лермонтов көшелерінің қиылысындағы хабарландыру тұғырлық; Шортанды кенті, Қайдалов және 30 жыл Победы көшелерінің қиылысындағы хабарландыру үшін тұғырлық; Шортанды кенті, Бейбітшілік көшесі, 9А, «Рим» сауда орталығының аумағындағы стенд; Шортанды кенті, Александр Пушкин көшесі, 57, Шортанды ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайнар» спорттық-сауықтыру кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд. 2 Жолымбет кенті Жолымбет кенті, Александр Пушкин көшесі, 1, кент орталығындағы стенд; Жолымбет кенті, Шоқан Уәлиханов көшесі, 31, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы стенд; Жолымбет кенті – «АК Алтыналмас» АҚ бақылау-өткізу пункті аумағындағы стенд. 3 Научный кенті Научный кенті, Мерей көшесі – аялдама пунктінде орналасқан стенд; Научный кенті, Мерей көшесі, 11, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Научный кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты жанындағы тұғырлық. 4 Пригородное ауылы Пригородное ауылы, Целинная көшесі, 16Д, «Басколь 2012» ЖШС кеңсесі ғимараты жанындағы стенд. 5 Камышенка ауылы Камышенка ауылы, Абай көшесі, 23А, «Камагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд. 6 Андреевка ауылы Андреевка ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 46 бойындағы стенд. 7 Октябрьское ауылы Октябрьское ауылы, Жастар көшесі, 9 бойындағы стенд. 8 Петровка ауылы Петровка ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 23А, бойындағы стенд. 9 Белое Озеро ауылы Белое Озеро ауылы, Достық көшесі, 28Б, Шортанды ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ойын – сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 10 Қара-Адыр бекеті Қара-Адыр бекеті, Элеваторная көшесі, 11, «Алтын Дан 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд. 11 Новокубанка ауылы Новокубанка ауылы, Кан Де Хана көшесі, 19, «Василек» және «Бәйтерек» дүкендерінің арасында орналасқан стенд. 12 Алтайское ауылы Алтайское ауылы, Болашақ көшесі, 16, «Колосок» дүкені жанындағы стенд. 13 Раевка ауылы Раевка ауылы, Абай көшесі, 29, «Любава» дүкені ғимаратының жанындағы стенд; Раевка ауылы, Абай көшесі, 24А, «Керемет» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. 14 Егемен ауылы Егемен ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 13/1, «Нұр Астық KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд. 15 Гуляй Поле ауылы Гуляй Поле ауылы, Школьная көшесі, 2, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Гуляй Поле ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 16 Новограф ауылы Новографское ауылы, Бейбітшілік көшесі, 16, Шортанды ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалық жүйе» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 17 Новоселовка ауылы Новоселовка ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 20, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 18 Новопервомайское ауылы Новопервомайское ауылы, Достық көшесі, 7 бойындағы стенд. 19 Қаратөбе ауылы Қаратөбе ауылы, Орталық көшесі, 7 бойындағы стенд. 20 Ошақ ауылы Ошақ ауылы, Желтоқсан көшесі, 9, Шортанды ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ойын – сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 21 Бектау ауылы Бектау ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 3, «Ақмола облысы білім басқармасынының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд; Бектау ауылы, Гагарин көшесі, 5, «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 22 Конкрынка ауылы Конкрынка ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 4 «Бектау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асхана ғимаратының жанындағы стенд. 23 Мықтыкөл ауылы Мықтыкөл ауылы, Райымбек батыр көшесі, 12, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Мықтыкөл ауылының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 24 Бозайғыр ауылы Бозайғыр ауылы, Лян көшесі, 43, «Төңкеріс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд; Бозайғыр ауылы, Лян көшесі, 39 Б, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды аудындық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлнкеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд; Бозайғыр ауылы, Қонаев көшесі, 1В, мекенжайында орналасқан «Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің» агротехникалық бөлімшесінің жанындағы стенд. 25 Төңкеріс бекеті «Төңкеріс бекеті, Сәкен Сейфуллин көшесі, 8 Б - «София» кафесінің аумағындағы стенд». 26 Ключи ауылы Ключи ауылы, Бірлік көшесі, 27 және Ынтымақ көшесі, 5 Б қиылысындағы стенд. 27 Дамса ауылы Дамса ауылы, Ерлік көшесі, 29 - «Кокос» дүкені жанындағы стенд; Дамса ауылы, Александр Велижанцев көшесі, 25, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Дамса ауылының В.П.Кузьмин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. 28 Степное ауылы Степное ауылы, Асар көшесі, 32А - дәрігерлік амбулатория жанындағы стенд.
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН TELEGRAM-БОТ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Шортанды ауданының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін арнайы Sailau_Aqmo_bot. Telegram-боты арқылы тексере алады. Интернет арқылы тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда, 8 71631 2-14-21 телефоны бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Ақпарат алу үшін ЖСН-ді хабарлау қажет. Мамандар азаматтарға қай сайлау учаскесіне тіркелгені туралы да ақпарат береді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды алдағы сайлауға қатысуға және өздерінің азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырады. Еске саламыз, дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығына ие.