2026 жылғы 19 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік Этикет талаптарын және ресми мінез -құлық қағидаларын, оның ішінде қызметтен тыс уақытта және ресми мереке күндері сақтау мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Техникалық оқу барысында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, құмар ойындарға және ойын мекемелерінде бәс тігуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзуға жол бермеу, қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде пайда болуының алдын алу , сондай -ақ діни нанымдарды таңуға жол бермеу мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде де, мереке күндерін қоса алғанда, қызметтен тыс уақытта да қызметтік әдеп талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды .
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








