
«Жедел медициналық көмек көрсетуге бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдау» тақырыбындағы сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындылары
2026 жылғы 8 қазанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының ( бұдан әрі –Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда «Жедел медициналық көмек көрсетуге бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдау» тақырыбындағы сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындылары қаралды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасы жедел медициналық көмекті ұйымдастырудың көп деңгейлі және ішкі келісілген жүйесін қалыптастырады және базалық деңгейде ДДҰ ұсынымдарына және қаралған шет елдердің тәжірибесіне сәйкес келетінін анықтады. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі ТМККК шеңберінде тұрғындардың жедел медициналық көмекке (бұдан әрі – ЖМК) құқықтық және оның тегін кепілдігін айқындайды, ЖМК көрсету қағидалары шұғылдықтың төрт санаты бойынша шақыртуларды қабылдау, сұрыптау және орындау тәртібін жүйелілігін, Үлгілік штаттар станцияларды кадрлық қамтамасыз етуін анықтайды, ал заңға тәуелді актілердің жекелеген блогы қаржыландыруды, шарттық міндеттемелер мен сапа сараптамасы бақылауын реттейді. Негізгі олқылықтар базалық нормаларда емес, ашықтық пен бақылау тетіктерінің жоқытығында: нормативтердің орындалуы туралы деректердің жариялылығы, стационарлар мен ЖМК арасындағы кері байланыстың, бастапқы реанимацияға азаматтарды қатыстырудың болмауы болып табылады.
Сонымен қатар, ЖМК станциясы нысандарының желісі күшейтілгені анықталды, бірақ оның дамуы бекітілген әдіснамаға сүйенбейді және жүктеменің аумақтық ауысуынан артта қалуда. Бригадалар стационарларға жеткізген науқастардың шамамен 72% ауруханаға жатқызылмайды, бұл ЖМК станциясының ресурсын ұтымсыз пайдалануын көрсетеді. Бригадалық құрамалар фельдшерлік бригадалар есебінен мамандандырылған, бригадалар қысқартылған кезде толықтырылады, бұл клиникалық қауіптерді тудырады. Штаттар санының кеңеюі нақты персоналдық жалдаумен қамтамасыз етілмейді: шақыру деңгейіндегі мамандардың тапшылығы орын алады.
Сараптамалық-талдамалық қорытындыда анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті ұсынымдар берілді, олардың қорытындысы бойынша Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына және «Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК жіберілді, ақпарат Астана қаласынң әкімдігі мен мәслихатына жіберілетін болады.







