Арқалық қаласының прокуратурасымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінің қызметінде бюджет заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.
Атап айтқанда, жекелеген студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім ала отырып, елдің басқа өңірлерінде бір мезгілде еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталды, бұл қаржыландыру шарттарының бұзылуы болып табылады.
Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млн теңге қайтарылып, 5 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бюджет қаражатын мақсатты және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруды білім алушылардың нақты контингентіне қарай жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Қостанай облысының прокуратурасы





