Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы күніне орай марапаттау рәсімі өтті

    1 / 4

    Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы күніне орай марапаттау рәсімі өтті

    Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған іс-шара өтті.

    Іс-шара аясында кәсібилігі, адал еңбегі және мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Тексеру комиссиясының мүшесі Альжанова Мақпал Нұрланқызы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталды.

    Сондай-ақ Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіне қосқан үлесі және тығыз ынтымақтастығы үшін тартылған сарапшы Шортаев Бауржан Берікұлына алғыс хат табысталды.

    Аталған марапаттар кәсіби жетістіктердің, қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қараудың және мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыруға қосқан үлестің лайықты бағалануы болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" жаңалықтары