Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

    Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 23 қазанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында қаладағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылу жағдайларына жүргізілген талдау қорытындылары қаралды.

    Талқылау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да заңнама талаптарын сақтауы тиіс екені атап өтілді. Өйткені олардың мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің беделіне және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей әсер етеді.

    Талқылау қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты одан әрі күшейту, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қызметтік тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу қажеттігі атап өтілді.

    Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" жаңалықтары