Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасыменХалықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында байқау ұйымдастырылады.Шараның мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, спортқа қызығушылығын арттыру және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.
Оған мүгедектігі бар азаматтар мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары қатыса алады.
Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бақ сынайды.Онлайн форматта вокалдық орындаушылық, хореографиялық өнер және шығармашылық әрі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Ал офлайн форматта қол күресі, тоғызқұмалақ, дойбы және бочча спорттық ойындарынан жарыстар өтеді.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 25 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады. Қатысушылар өтінімдіhttps://forms.gle/vyPaNdwerUGZKYaq7Google формасы арқылы жолдай алады. Ал дайындалған байқау материалдарын 16–24 қараша аралығында сол формаға жүктеу немесе [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.
Офлайн жарыстар 5 желтоқсанда Семей қаласындағы Қарағайлы көшесі, 109 мекенжайында орналасқан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында өтеді. Сол күніБайқаудың қорытындысын салтанатты түрде шығару, нәтижелерін жариялау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.








