Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Абай облысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу."

    Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: Халықты жұмыспен қамту, көші - қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету-мүгедектер, ардагерлер, табысы аз адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    Тәуелсіздік күні

    Баршаңызды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Бұл күн ерекше мән-мағынаға ие. Халқымыз үшін елдік пен егемендіктен асқан байлық жоқ. Азаттықтың арқасында Қазақстанда татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім орнады. Тәуелсіздік жылдары жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, мемлекеттігіміз нығая түсті. Шекарамыз бекітіліп , қаржы-экономикалық көрсеткіштеріміз қарқынды дамыды. 16 желтоқсан – ұлтымызды ұйыстыратын, жұртымызды жұмылдыратын, абыройымызды асқақтат ат ын мәртебесі биік мейрам. Осынау мерекеде сіз дерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, қызметте толайым табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, туымыз тұғырлы болсын!

    16 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Республика күні

    Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз. Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!

    25 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Астана күнімен құттықтаймыз!

    Елорда күні тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де айтулы күн болып табылады. Бұл мереке маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады. Астана-Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің символы, ол өзінің қалыптасу жылдарында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығына айналды. Біздің еліміз дамуға, ілгерілеуге және жасампаздыққа қуатты серпін алды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев атап өткендей: "Қазіргі Қазақстанның флагманы – біздің елордамыз. Еліміздің орталық мегаполисі болашаққа нағыз серпіліс, жалпыұлттық жұмылдыру мен шынайы патриотизмнің үлгісі болды. Дәл осы жерде Отанымыздың жүрегі соғып тұр. Дәл осы жерде барлық тағдырлы шешімдер қабылданады, шабыттандыратын идеялар туады және бірегей жобалар өмірге келеді". Құрметті жерлестер! Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен жақсылық, бейбітшілік және Отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін! Елордамыз Астана гүлденіп, одан да әдемі болып, әр отбасының өмірі қуанышқа, өркендеуге және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын. Мереке құтты болсын!

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі Комиссияның отырысын өткізу туралы

    Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2025 жылғы 29 тамызда ZOOM бейнекоференцбайланыс арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсынылған құжаттарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтетінін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 747 692 42 89, электрондық пошта: [email protected]

    29 тамыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі Комиссияның отырысын өткізу туралы

    Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2025 жылғы 13 тамызда ZOOM бейнекоференцбайланыс арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсынылған құжаттарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтетінін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 747 692 42 89, электрондық пошта: [email protected]

    13 тамыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі Комиссияның отырысын өткізу туралы

    Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2025 жылғы 4 тамызда ZOOM бейнекоференцбайланыс арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсынылған құжаттарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтетінін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 747 692 42 89, электрондық пошта: [email protected]

    4 тамыз 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Егер грант алушы грант қаражатын толық көлемде нысаналы мақсатта пайдаланбаса немесе оны тек ішінара ғана пайдаланса, қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 2-тарауының 2-параграфының 24-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) грант алушы Портал арқылы ұсынған грант қаражатының нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды немесе бизнес-жобаны іске асыру барысы туралы есепті Порталға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бизнес-жоба талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Тексеру нәтижесінде грант алушының Шарт талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда, Еңбек мобильділігі орталығы Қағидаларға сәйкес Шартты біржақты тәртіппен бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен, грант қаражатын қайтару бойынша тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар, Қағидалардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес, грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Грант алушы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде: грант қаражаты толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда қаражатты толық қайтаруды жүзеге асырады; грант қаражаты ішінара пайдаланған жағдайда Порталдағы жеке кабинетте тиісті өтініш беру арқылы қалған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

    Сұрақ

    Жұмыс орындар квотасы шеңберінде кімдер жұмысқа орналаса алады?

    Жауап

    Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №207 қаулысына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны және меншік нысанына қарамастан Абай облысының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес; он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес.

    Сұрақ

    «Қандас» мәртебесін алу құқығына кімдер ие?

    Жауап

    Қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар және (немесе) олардың ұлты қазақ отбасы мүшелері. Қандас мәртебесін беруге өтініштерді қабылдау: - шет елдердегі мекемелер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін); - Мемлекеттік корпорация; - «migration.enbek.kz» порталы немесе мобильдік қосымшасы - www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе мен мәртебе алу үшін: 1) өмірбаян (еркін түрде); 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен; 3) өтініш берушінің (туу туралы куәліктердің, шетелдік паспорттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмелері, үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары), "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының қандас және азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау жөніндегі комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.

    Сұрақ

    Инватакси қызметтері кімге беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағиданың 4-тарауының 28,29 тармақтарына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады. Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.

    Сұрақ

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған 400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріндегі грантты алуға тіркелген жұмыссыздар немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Сондай-ақ үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: - мүгедектігі бар адамдар; - қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; - өңіраралық қоныс аударушылар; - аз қамтылған отбасы мүшелері; - көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

    Сұрақ

    Үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер қандай санаттағы азаматтарға көрсетіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1 - тарауының 2 - тармағына сәйкес, үйде әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, I–II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қарт азаматтарға көрсетіледі. Бұл санаттағы адамдар қызмет алушылар болып табылады.

    Есеп

    Мемлекеттік қызметтер бойынша 2026 жылға есеп

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған "Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламасы

    2026-2028 жылдарға арналған "Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламасы

    Жарияланды:
    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың 2026 жылға іске асырылуы туралы есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың 2026 жылға іске асырылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026 жылы 1 шілдеге дейінгі шоғырландырған бухгалтерлік есеп

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі аналитикалық анықтама жобасын қоғамдық талқылау ХАТТАМАСЫ

    Жарияланды:
    Жоспар

    «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды: