Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 2-тарауының 2-параграфының 24-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) грант алушы Портал арқылы ұсынған грант қаражатының нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды немесе бизнес-жобаны іске асыру барысы туралы есепті Порталға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бизнес-жоба талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Тексеру нәтижесінде грант алушының Шарт талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда, Еңбек мобильділігі орталығы Қағидаларға сәйкес Шартты біржақты тәртіппен бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен, грант қаражатын қайтару бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Сонымен қатар, Қағидалардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес, грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Грант алушы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде:
- грант қаражаты толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда қаражатты толық қайтаруды жүзеге асырады;
- грант қаражаты ішінара пайдаланған жағдайда Порталдағы жеке кабинетте тиісті өтініш беру арқылы қалған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.