Қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар және (немесе) олардың ұлты қазақ отбасы мүшелері.
Қандас мәртебесін беруге өтініштерді қабылдау:
- шет елдердегі мекемелер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін);
- Мемлекеттік корпорация;
- «migration.enbek.kz» порталы немесе мобильдік қосымшасы
- www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе мен мәртебе алу үшін:
1) өмірбаян (еркін түрде);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
3) өтініш берушінің (туу туралы куәліктердің, шетелдік паспорттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмелері, үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары), "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының қандас және азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау жөніндегі комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.