Жұмыс орындар квотасы шеңберінде кімдер жұмысқа орналаса алады?
Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №207 қаулысына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны және меншік нысанына қарамастан Абай облысының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді:
мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;
он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес.