Қазанда қазақстандық кино күндері өтті

    1 / 7

    Қазан, 2026 жылғы 23 қазан– Республика күнін, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығын және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын мерекелеу аясында Қазан қаласындағы «Мир» кинотеатрында Қазақстан киносы күндері өткізілді. Іс-шараны Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырды.

    Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Юлия Адгамова, «Қазақфильм» АҚ киноөндірісті техникалық қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі Серікбол Өтепбергенов, режиссер Қуаныш Стаханов және актер Жалғас Жанғазин.

    Көрсетілімнің ашылуында соңғы жылдары зор ілгерілеу байқалған мәдени байланыстарды тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан мен Татарстан бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды: қазақ ақыны Абайдың ескерткіші мен қазақ тілі мен мәдениеті орталығын, татар ақыны Ғабдулла Тукайдың бюстін екі республикада ашу, М.Әуезов шығармаларының жинағын және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясын» татар тілінде шығару, бірлескен қазақ-татар «Тарлан» фильмін түсіру, сондай-ақ астаналарда мәдениет күндерін өткізу.

    Қазандағы Қазақстан киносы күндерінің бағдарламасы көрермендерді заманауи ұлттық кино өнеріне тағы да жақындатады, оған үш картина кірді. Мұндай іс-шаралар қазақстандық кинематографияны насихаттауға және Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

    Бірінші күні режиссер Ален Ниязбековтің «Алматы, мен сені сүйемін» фильмі – басты кейіпкері қаланың өзі болатын алты новелладан тұратын киноальманах, және режиссер Алдияр Байракимовтің нақты Александр Колядиннің тарихына негізделген, қорқынышты апаттан кейін Паралимпиада ойындарына барар жолдың басы мен күш табуды баяндайтын «Паралимпиадашы» биографиялық драмасы көрсетілді.

    Екінші күні көрермендер режиссер Қуаныш Стахановтың осы жылдың қыркүйегінде прокатқа шыққан және жұмбақ кісі өлтіруді тергеуді баяндайтын «Бүркітші» детективімен танысты.

    Іс-шараға Қазан қаласында аккредиттелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың өкілдері, Татарстан бұқаралық ақпарат құралдары және қазақ қоғамдық өкілдері қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қазан (РФ) қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары