Татарстан Қазақстанға тікелей рейстерді кеңейтуде

    1 / 2

    Қазан, 2026 жылғы 27 қазан– Қазақстанның Қазандағы Бас консулы ЕрланЫсқақов«Nordwind» әуекомпаниясының Бас директорының орынбасары – коммерциялық директоры Антон Маттиспен кездесіп, тікелей жолаушылар әуе рейстерін іске қосу мәселелерін талқылады.

    Кездесуде Ресейден Қазақстанға тікелей рейстерді кеңейтудің Қазан мен Қазақстан қалалары арасындағы туристік салада, іскерлік ынтымақтастықта, сондай-ақ мәдениет, спорт және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңыздылығы атап өтілді. Жаңа рейстің іске қосылуы екі республиканың компаниялары мен азаматтары арасындағы кооперацияны жандандыруға ықпал етіп, тікелей әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді және Қазақстанның көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Астана–Қазан бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing-737 ұшағымен орындалады.

    «Nordwind» әуекомпаниясы мен Габдулла Тукай атындағы «Қазан» халықаралық әуежайы өз ұшақ паркі үшін хаб құру туралы келісімге қол қойып, трансферлік және тікелей рейстерді белсенді дамытып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазан әуежайының жолаушылар ағыны 5 млн адамнан асты, оның 30%-ы «Nordwind» әуекомпаниясына тиесілі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қазан (РФ) қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары