Астанада Қостанай облысының қатысуымен ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

    1 / 7

    2026 жылғы 24–25 қазанда Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромының аумағында Қостанай және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңіраралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

    Қостанай облысының атынан 14 аудан мен 3 қаланың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Іс-шараға өңірден 50-ден астам шаруашылық жүргізуші субъект қатысты.

    Жәрмеңкеде 100-ден астам атаудағы 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі ұсынылды.

    Елорда тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдері, картоп, көкөністер, ұн, жарма, макарон өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа және жергілікті өндірушілердің басқа да тауарлары ұсынылды.

    Өнімдер өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатылды. Бұл елорда тұрғындарына отандық сапалы азық-түлік өнімдерін делдалсыз сатып алуға мүмкіндік берді.

    Жәрмеңке ұйымдасқан түрде өтті. Қатысушыларға сауда жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалып, жауапты қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу отандық тауар өндірушілерді қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейтуге және өңіраралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

    Қостанай облысының елордадағы жәрмеңкеге қатысуы өңірдің аграрлық әлеуетін және жергілікті өндірушілердің өнімдерін Астана тұрғындарына таныстыруға тағы бір мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары