Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Мақсаттары:

    1) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

    2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау

    5 маусымда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін Аймақтық қабылдау орталығында Қостанай облыстық әкімдігінің департамент басшысының м.а. Е.Ж. Баймакановтың қатысуымен қабылдау өтеді. Кез келген сұрақтар бойынша 54-27-95 телефонына хабарласыңыз (мекенжайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85)

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 85
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау

    13 мамырда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін аймақтық қабылдау орталығында Қостанай облыстық әкімдігінің департамент басшысы И.Е. Бекмұхамедовтің қатысуымен қабылдау өтеді. Кез келген сұрақтар бойынша 54-27-95 телефонына хабарласыңыз (мекенжайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85).

    13 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 85
    ОтырысАяқталды

    «Көктемгі дала жұмыстарына дайындық» атты брифинг өтеді

    Ағымдағы жылдың 8 сәуірде сағат 11: 00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің басшысы Ибрагим Ерболатұлы Бекмұхамедовпен брифинг өтеді.

    8 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Региональная служба коммуникации тел. 8 7142540058, [email protected] г. Костанай, пр. Аль-Фараби, 126
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау

    Ағымдағы жылдың 8 сәуірде сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы И.Е. Бекмұхамедовпен азаматтарды қабылдау өтеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 54-27-95 телефон арқылы жазылуы қажет (мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85)

    8 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 85
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында басшының м.а. азаматтарды қабылдйды

    13 қаңтар күні сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін Кеңейтілген азаматтарды қабылдау орталығында Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының м.а. басшысы Баймаканов Е.Ж. азаматтарды қабылдайды. Туындаған барлық сұрақтар бойынша алдын ала 54-27-95 телефоны арқылы жазылу қажет. (Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85).

    13 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 85
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау

    Ағымдағы жылдың 10 қарашада сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы И.Е. Бекмұхамедов азаматтарды қабылдау өтеді. (мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85)

    10 қараша 2025 ж.Тікелей
    г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 85
    Ақпарат

    «2026 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «2026 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 123 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қостанай облысыныңәкімі Қ.Ақсақалов

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Басқармада «Ауыл шаруашылығын субсидиялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

    Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ғимаратында мемлекеттік орган өкілдерінің және облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқарма басшысының орынбасары Досмұхамедов Ерик Мұратұлы төрағалық етті. Іс-шара аясында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация өткізілді. Қатысушыларға субсидиялар беру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы өзекті өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ "Gosagro"мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесі арқылы субсидиялауға өтінімдерді беру және қарау тәртібі туралы ақпарат егжей-тегжейлі ұсынылды. АӨК өкілдері қызықтырған сұрақтарға жауап алды және субсидиялау бағдарламаларына қатысудың практикалық аспектілері бойынша қажетті түсініктемелер алды.

    Жарияланды:
    Жоба

    Қостанай облысы әкімдігінің «2026 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 104 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

    Қостанай облысы әкімдігінің ««2026 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 104 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы 2026 жылғы 23 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15902801

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары; - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері; - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері; - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары; - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар; - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер; - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар. Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді. Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге. Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді. «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз. Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков. Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Жарияланды:
    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясы отырысының 2026 жылғы 7 тамыздағы №4 хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясы отырысының 2026 жылғы 20 шілдедегі №3 хаттамасы

    Жарияланды: