Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ғимаратында мемлекеттік орган өкілдерінің және облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқарма басшысының орынбасары Досмұхамедов Ерик Мұратұлы төрағалық етті.
Іс-шара аясында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация өткізілді. Қатысушыларға субсидиялар беру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы өзекті өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ "Gosagro"мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесі арқылы субсидиялауға өтінімдерді беру және қарау тәртібі туралы ақпарат егжей-тегжейлі ұсынылды.
АӨК өкілдері қызықтырған сұрақтарға жауап алды және субсидиялау бағдарламаларына қатысудың практикалық аспектілері бойынша қажетті түсініктемелер алды.