2026 жылғы 20 қарашада Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумы өтті.
Іс-шараға Қостанай облысынан 160-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары мен өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Қостанай облысының делегациясы үшін аграрлық сала өкілдерінің біріне мемлекеттік награда табысталуы ерекше оқиға болды. Мемлекет басшысы "Құрмет" орденін Сарыкөл ауданындағы "Бижан" шаруа қожалығының басшысы Мақатов Қайырбай Қоңқаұлына жеке табыстады.
Жоғары мемлекеттік наградамен Қайырбай Қоңқаұлы көпжылдық адал еңбегі, табысты жұмысы, жоғары өндірістік көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Бұл марапат оның кәсібилігіне, жауапкершілігіне және таңдаған ісіне деген адалдығына лайықты баға болды.
Қайырбай Қоңқаұлыны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және Қостанай облысының аграрлық саласының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








