Аргентина делегациясы KGIR-2026 форумына қатысып, іскерлік келіссөздер өткізу арқылы Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады

    1 / 4

    Астана, 2026 жылғы 26 қазан – Аргентина компанияларының делегациясы Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен 20–23 қазан аралығында өткен Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады.

    Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Аргентинадағы Құрметті консулы, Қазақстан-Аргентина сауда палатасының президенті Сантьяго Де Лука, сондай-ақ «Clear Petroleum S.A.», «CPC S.A.» және «DFM Consultores S.A.» компанияларының өкілдері кірді.

    22 қазанда Аргентина делегациясы Шымкент қаласында өткеншетелдік инвестицияларды тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне арналған Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстеліне (KGIR-2026) қатысты.

    Іс-шара аясында делегация ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кинжақұловпен кездесті. Тараптар,келіссөздер барысында Қазақстан мен Аргентина арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту перспективаларын, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін, шетелдік инвесторларды қолдау тетіктерін және екі елдің іскерлік топтары арасында тікелей байланыстар орнату мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар, Аргентина делегациясы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері және өңір кәсіпорындарымен тікелей іскерлік байланыстар орнату мәселелері қаралды.

    23 қазанда Астана қаласында Аргентина делегациясы қазақстандық «QazEmbryo» компаниясының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы және репродуктивтік биотехнологиялар салаларында аргентиналық серіктестермен ынтымақтастық орнату перспективалары, оның ішінде технологиялар трансферті, кәсіби тәжірибе алмасу және серіктестік қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

    Өткізілген кездесулер тікелей іскерлік байланыстарды нығайтуға, ықпалдастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға және Қазақстан мен Аргентина арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.

    Анықтамалық: «QazEmbryo» – мал шаруашылығындағы репродуктивтік биотехнологияларды дамытуға, ауыл шаруашылығы жануарларын көбейтудің заманауи технологияларын енгізуге және осы саладағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге маманданған қазақстандық компания.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары