2026 жылғы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген 2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 2.5-тармағын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы өкілінің қатысуымен Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес ұйымдастырып, өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартылуының алдын алу.
Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, олардың ықпалына түсу қаупі және алдын алу шаралары талқыланды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына тиісті түсіндірмелер берілді.с








