Жеңілдікпен есептелетін еңбек өтілі қалай есептеледі?

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеудің ерекше тәртіптері қарастырылған.

    Екі еселенген мөлшерде (1 жылға — 2 жыл):

    • Соғыс қимылдары кезеңінде қолданыстағы армия құрамындағы әскери қызметтің жекелеген кезеңдері;
    • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс;
    • Заңда көрсетілген кейбір алапеске, обаға және жұқпалы ауруларға қарсы мекемелердегі жұмыс кезеңдері.

    Үш еселенген мөлшерде (1 жылға — 3 жыл):

    • Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда заңда белгіленген кезеңдердегі жұмыс және әскери қызмет;
    • Заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, кейін ақталған азаматтарға қатысты заңда көзделген жекелеген кезеңдер.

    Бір жарым еселенген мөлшерде (1 жылға — 1,5 жыл):

    • Сот-медициналық сараптама және патологиялық-анатомиялық диагностика ұйымдарындағы бекітілген тізбеге кіретін жұмыстар;
    • Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда заңда көзделген кезеңдердегі жұмыс және әскери қызмет.

    Еңбек өтілі бір жыл болып есептеледі:

    • толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жылғы жұмыс болып есептеледі;
    • ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс өтіліне есептеледі.

    Маңызды!

    Еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу барлық мамандықтарға бірдей қолданылмайды. Ол заңда белгіленген нақты талаптарға, жұмыс кезеңіне және растайтын құжаттарға байланысты.

    Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208-бабы.

    Ресми дереккөз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K2300000224

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары