2026 жылдың басынан бері Қазақстанда желшешектің 20 683 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға аз. Ауырғандардың 83,5%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Желшешек — негізінен ауа-тамшы жолы арқылы таралатын жіті вирустық инфекциялық ауру. Аурудың негізгі белгілері — дене қызуының көтерілуі және қышумен қатар жүретін өзіне тән көпіршікті бөртпенің пайда болуы.
Желшешек көбінесе балалар арасында кездеседі және көп жағдайда жеңіл түрде өтеді. Алайда кейбір жағдайларда асқынулар дамуы мүмкін. Ересектерде, жүкті әйелдерде және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда аурудың ауыр өту қаупі жоғары.
Инфекцияның таралу қаупін азайту үшін мынадай шараларды сақтау ұсынылады:
·желшешекпен ауырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болмау;
·үй-жайларды үнемі желдетіп отыру;
·ауру белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, айналадағы адамдармен қарым-қатынасты шектеу;
·дене қызуы көтеріліп, өзіне тән бөртпе пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну және медицина мамандарының ұсынымдарын орындау.
Желшешек жағдайларын уақтылы анықтау және алдын алу шараларын сақтау инфекцияның одан әрі таралу қаупін төмендетуге көмектеседі.
Ауру белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды. Емдеу тактикасы мен одан арғы іс-қимылдар пациенттің жағдайын және медицина маманының ұсынымдарын ескере отырып айқындалуы тиіс.









