«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қорытынды кезеңінде үздіктер анықталды

    1 / 3

    Республика күні қарсаңында «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің сахнасында Бөгенбай батырдың ерлігін жырлаған сөз өнері қайта түлеп, сарбаздардың үнінен тау суындай мөлдіреп төгілді. 20 қазан күні Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының ІІ – қорытынды кезеңінде Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мен Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары жүлде жолында бақ сынасты.

    Жырау Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасындағы «Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқыған жауынгерлер қазақтың батырлық эпосының құдіретін көрермен жүрегіне жеткізді. Байқау рухани қазынаны өскелең ұрпаққа аманаттап, батырлар жырын дәріптеп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, сарбаздардың отансүйгіштік сезімін шыңдай түсті.

    Өнерді Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады. Алқа құрамында Қарулы Күштер ардагерлері Республикалық қоғамдық қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Биби Сыздықова бар.

    Қорытынды кезеңнің үздіктері:

    🥇 Әбдуәлі Мұхамедәлі Мұхамедхалиұлы, 6505 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

    Жетекшісі: кіші сержант Дінғабылова Айдана Діңғабылқызы

    🥈 Жумин Ермек Еркебұланұлы, 6505 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

    Жетекшісі: Ильясов Руслан Рахымжанұлы

    🥉 Сайлау Әлішер Сәкенұлы, 5451 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

    Жетекшісі: Берікбаева Ақару Бақытқызы

    🥉 Буранбай Манғыстау Избасарұлы, 31775 ә/б, Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы

    Жетекшісі: подполковник Арыстанов Куандық Бахытжанович

    Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

    🎖️ Дәуіт Асылхан Әбилқасымұлы, 5516 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

    🎖️ Бейсембай Диас Нұрланұлы, 5516 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

    Жетекшілері: Сыдыкова Гулжайна Нұрмановна

    Үздіктерді марапаттау рәсімі ертең, 22 қазан күні сағат 11:00-де Қарағанды облысы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

    #Патриотизм #Отансүйгіштік #РеспубликаКүні #25ҚазанРеспубликаКүні #ТұлпарМініпТуАлған #ҚарағандыОблысы #БөгенбайБатыр

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары