Абай облысында тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегінің жолы кесілді

    Абай облысында бір апта ішінде тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегінің жолы кесілді.

    Абай облысында қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бір апта ішінде тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегі анықталып, жолы кесілді.

    Атап айтқанда:

    • 561 дерек — абаттандыру қағидаларын бұзу;
    • 44 дерек — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.

    Тазалық — тек көрікті ортаның көрінісі емес, ол әр азаматтың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің өлшемі. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау — баршаға ортақ міндет.

    Таза аймақ — тәртіптен басталады! Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тазалық талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары