Республика күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен әскерилер арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі басталды. Жырау Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасындағы «Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқу бойынша ұйымдастырылған сайыстың алғашқы күні «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде өтіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының сарбаздар өнер көрсетті.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының рухани қазынасын өскелең ұрпаққа жеткізу, халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сарбаздардың отансүйгіштік сезімін арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Сайыс Мемлекет басшысының мемлекетшілдік сананы нығайту және кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Байқауға жалпы 500-ден астам сарбаз, сондай-ақ оларды дайындайтын 100-ден астам әскери жетекші тіркелген.
Сарбаздардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Алқа төрағасы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов. Алқа құрамында Қарулы Күштер ардагерлері Республикалық қоғамдық қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Биби Сыздықова бар.
6505, 5451, 5516 әскери бөлімдері арасындағы І кезең жеңімпаздары (облыстық ІІ кезеңге жолдама алғандар):
🥇 І орын:
6505 ә/б ефр. Әбдуәлі Мұхамедәлі Мұхамедхалиұлы (150 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
🥈 ІІ орын:
6505 ә/б қ/ж Жумин Ермек Еркебұланұлы (100 000 теңге) – Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
🥉 ІІІ орын:
* 5451 ә/б қ/ж Сайлау Әлішер Сәкенұлы (70 000 теңге) – Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
* 5516 ә/б қ/ж Дәуіт Асылхан Әбилхасымұлы (70 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
* 5516 ә/б қ/ж Бейсенбай Диас Нұрланұлы (70 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
Байқаудың І кезеңі 20 қазан күні сағат 10:00-де жалғасады. Сайысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қатысады. Байқаудың ІІ – қорытынды кезеңі 20 қазан күні сағат 14:00-де өтеді. Іс-шара «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде ұйымдастырылады.
#Патриотизм #Отансүйгіштік #РеспубликаКүні #25ҚазанРеспубликаКүні #ТұлпарМініпТуАлған #ҚарағандыОблысы #БөгенбайБатыр









