Концертке жалған билеттер: Астана тұрғыны сатып алушыларды алдағаны үшін сотталды

    30 жастағы ер адам ресми сайттан екі билет сатып алып, олардың деректемелерін өзгерту арқылы жалған жасап, Threads әлеуметтік желісінде концертке билеттерді сату туралы хабарландырулар орналастырды.

    Хабарландыруға екі азамат, оның ішінде кәмелетке толмаған адам да жауап берді. Олар сатушыға 50 және 40 мың теңге аударды.

    Ақшаны алған соң, ер адам сатып алушыларды бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатты.

    Жалпы залал 90 мың теңгені құрады.

    Сот үкімімен залалдың өтелуін және кінәні толық мойындауын ескере отырып, оған бүкіл кезеңге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Астана қаласының прокуратурасы билеттерді тек ресми көздер арқылы сатып алуға және әлеуметтік желілердегі таныс емес сатушыларға ақша аудармауға шақырады.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары