1 / 13
Департамент қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер арасында ашық сабақ ұйымдастырды.
Жастарды азаматтық қорғау органдарына тарту мақсатында, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу, қызмет өткеру шарттары, біліктілік талаптары, конкурстық іріктеу тәртібі мен әлеуметтік кепілдіктер, қызмет барысында мансаптық өсу туралы ақпарат жеткізілді.
Іс-шараға ардагерлер ұйымының төрағасы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Сарбаздарға өрт сөндіру және құтқару жұмыстарына арналған арнайы техника мен жабдықтар,кинология,жауынгерлік киім-кешек, гидрокостюмдер және сүңгуір құрал-жабдықтарыкөрсетілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









