1 / 4
Сырымауданының бөлім қызметкерлері «Балдырған» балабақшасында«Қауіпсізбалалық шақ»тақырыбындатанымдық сабақ ұйымдастырды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндергемультфильмдегі кейіпкерлер арқылыөрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, үйде және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру,төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар балалардың ерте жастан өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудықалыптастыруға және маңызды қауіпсіздік ережелерін қолжетімді әрі қызықты түрде бекітуге көмектеседі.









