Басқарма басшысы Руслан Жақыпов азаматтарды жеке қабылдады

    1 / 6

    Жеке қабылдауға тұрғындар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін қарастыру, сондай-ақ жеке тұрғын үй орналасқан жер учаскесін рәсімдеу мәселелері бойынша жүгінді.

    Басқарма басшысы инвесторға шешім қабылдамас бұрын ұсынылып отырған жер учаскесін мұқият зерделеу қажет екенін түсіндірді. Себебі қазіргі уақытта қала өсіп, құрылыс қарқынды даму үстінде. Осыған орай инвестициялық жобаны орналастыру үшін тиісті ауданды таңдау жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қарастырылған сұрақтардың бірі жеке тұрғын үйдің жер учаскесін заңдастыруға қатысты болды. Руслан Жақыпов жер учаскесін өз бетінше иемдену арқылы салынған жеке тұрғын үйлердің жер учаскелерін рәсімдеу мүмкін еместігін атап өтті. Дегенмен инвесторлар жер учаскесіне қызығушылық танытып, тұрғын үйді бұзу қажеттілігі туындаған жағдайда, оны сатып алу азаматтық-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылатынын атап өтті. Яғни, бұл мәселе тараптардың өзара келісімі негізінде шешіледі.

    Құрметті қала тұрғындары!

    ‼️ Жеке тұрғын үйді сатып алу кезінде оның орналасқан жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу мәселесіне де назар аударуды ұмытпаңыздар.

    📌 Еске сала кетейік!

    Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары