Астанада 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Астанадағы «Қазанат» ипподромында 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күнге жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Жәрмеңкеге Ақмола облысының 20 ауданынан тауар өндірушілер қатысып, жалпы көлемі 497,21 тонна болатын өздері өндірген ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады. Оның ішінде:
    * ет өнімдері – 154 тонна;
    * сүт өнімдері – 31,75 тонна;
    * көкөніс өнімдері – 227 тонна;
    * шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
    * басқа да бакалея тауарлары – 62 тонна;
    * тауық жұмыртқасы – 150 мың дана.

    Жәрмеңкенің мақсаты – елорда тұрғындарын арзан бағада сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ өнімді өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.

    31 қазан күнгі жәрмеңке елордада биыл өтетін соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмақ.
    Іс-шара «Қазанат» ипподромында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары