Басқарма басшысы Руслан Жақыпов «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында сауда-әкімшілік ғимаратын салу үшін жер учаскесін беру, тұрғын үйді реконструкциялау, жер учаскесіне іргелес аумақты қосу, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері қаралды.
Руслан Жақыпов әр сұрақ бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде және Басқарманың құзыретіне сәйкес түсіндірме берді. Сонымен қатар, ол заңды тұлғалардың өкілдері мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалар арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынын атап өтті. Сондықтан олардың халыққа қолданыстағы заңнама нормалары мен белгіленген тәртіптерді халыққа дұрыс түсіндіруі маңызды. Себебі түсіндіру жұмыстарының сапасы олардың көрсететін қызметтерінің нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Басқарма басшысы тұрғын үйді реконструкциялауды келісуден бас тартуға негіз болған заңнама талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, екі қабаттан жоғары объектілерді меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеуіне жол берілмейді.
Бұдан бөлек, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі қарастырылды. Руслан Жақыпов кез келген аумақты игеру Бас жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді. Оның айтуынша, бағбандыққа арналған жер учаскелерінде тек уақытша немесе маусымдық құрылыстарды орналастыруға рұқсат етіледі.
ЕСКЕ САЛАМЫЗ! Басқарма басшысының жеке қабылдауы әр бейсенбі күні өткізіледі. Қабылдауға алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









