Қылмыстың алдын алу – қауіпсіз қоғамның кепілі

    1 / 2
    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік құқығы дәрісханасы аясында білім алушыларға профилактикалық бағыттағы тақырыптық дәріс өткізілді.
    Кездесу барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Жахия Дидар Дінмұханбетұлы студенттерге қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңда көзделген жауапкершілік және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Тақырып аясында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары, заңнамада көзделген жауапкершілік, интернет-алаяқтықтан сақтану тәсілдері, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен қамтылды.
    Сонымен қатар жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, күмәнді жағдайларда сақтық таныту және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
    Дәрісхана аясындағы мұндай танымдық сабақтар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ кәсіби қызметінде заң нормаларын сауатты қолдануына негіз болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары