Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары!
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының аумағындағы KAZ 06 «Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қызылорда қаласы мен Арал ауданы аралығында орнатылған 6 дана «ZEREK-2» аппараттық-бағдарламалық кешені ресми түрде іске қосылды.
Аталған кешендер көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын бақылауға арналған. Белгіленген жылдамдық режимін бұзған көлік құралдары автоматты түрде тіркеледі.
Бақылау жүйелері келесі учаскелерде орнатылған:
1. №1 арка – «Баймұрат батыр» 1800+400 шақырым;
2. №2 арка – «Ақжарма», 1738+850 шақырым;
3. №3 арка – «Ақжар», 1690+600 шақырым;
4. №4 арка – «103-разъезд», 1568+171 шақырым;
5. №5 арка – «Әйтеке би», 1472+300 шақырым;
6. №6 арка – «Арал», 1351+150 шақырым.
Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен асырмауға және қозғалыс барысында барынша мұқият болуға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









