Жеке қабылдау барысында объекттің нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй-жайды реконструкциялау, сондай-ақ, қосымша құрылысты заңдастыру мәселелері қаралды.
Аян Смағұлов реконструкция жүргізудің міндетті талаптарының бірі - осы тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелерінің 2/3 бөлігінің келісімін алу екенін түсіндірді. Оған қоса, көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігін реконструкциялау кезінде жер учаскесі кондоминиум объектісінің құрамында рәсімделуі қажет. Барлық жұмыстар елорданың Дизайн-кодына, жалпы сәулеттік келбетіне, сондай-ақ құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес орындалуы қажет.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.
Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








