Қазақстан ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанды

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары Щучинск қаласында өткен полиция майоры, әлем чемпионы Руслан Мұқановты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

    Жарысқа 17 команданың құрамында 230 спортшы қатысты. BATYR TEAM командасы сапында сынға түскен Академия өкілдері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

    Өз салмақ дәрежелерінде Диар Серғали ( 16-17 жас, 73 кг) мен Арман Төлебай ( 18-23 жас, 57 кг) алтын медаль жеңіп алды. Ал Олжас Сабиев ( 16-17 жас, 67 кг) қола жүлдегер атанды.

    Жалпыкомандалық есепте Академия курсанттары 1-орынды иеленді.

    Курсанттардың бұл жетістігі табанды жаттығулар мен жоғары спорттық дайындықтың нәтижесі. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге жетіп, жарқын жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары