Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен бекітілген
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
- Бөлім:
1) басшы;
2) бас инспектор
3) бас маманнан тұрады.
- Міндеттер мен функциялары
- Міндеті: ауданда ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді ұйымдастыру және өткізу.
Функциялары:
- ұлттық идеологияны насихаттау шеңберінде мемлекеттік, кәсіптік және басқа да мерекелерді ұйымдастыру және өткізу;
- айтулы мереке күндері мен зиялы қауым өкілдерінің мерейтойларын ұйымдастыру және өткізу;
- мерекелік атрибуттар мен іс-шаралар өткізілетін жерлердің тулары бойынша қызметті үйлестіру;
- бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорындар, бөлімдер, қызметтер, ұйымдар мекемелерінің басшыларын тарта отырып, өз құзыреті шегінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз конференцияларын, акциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- әлеуметтік-экономикалық бағытта ауданның дамуы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан аудан тұрғындары мен қызметкерлері үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын әзірлеу;
- бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларына дайындау және қатысу, қала өткізетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысу;
- әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы есептерді жариялау;
- Міндеті: ауданда тілдерді дамыту және ономастика саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шараларды іске асыру.
Функциялары:
- тіл саясатын, спорт пен туризмді насихаттау мақсатында ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша жұмыстарды жүргізу;
- ауданда орналастырылатын сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;
- қалалық ономастикалық комиссияның құзыретіне атауы жоқ қайталанатын көшелер мен көшелер бойынша жүргізілген талдауға сәйкес жаңа атаулар беру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Міндеті: спортты, туризмді, әскери-патриоттық тәрбие мен жастар саясатын дамыту.
Функциялары:
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі спорттық іс-шараларды, халық арасында дене шынықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт пен туризмді дамыту мақсатында жарыстар, спартакиадалар, тренингтер өткізу;
- әскери-патриоттық тәрбие шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- жастар саясаты бойынша жұмыстарды іске асыру шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Өз құзыреті шегінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету;
- аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру.
- мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туризм саласында, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша аппараттың басқа бөлімдерімен, аудандық білім бөлімімен, құрылымдық бөлімшелермен және аудандық қызметтермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерімен, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарымен (мектептер, гимназиялар, лицейлер), сондай-ақ ауданның мәдениет мекемелерімен жедел өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Міндеті: тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
- ауданда тарихи ескерткіштерді сақтау және күту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- ескерткіштердің тарихы мен мәдениетін насихаттау шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- шығармашылық одақтармен және этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- тұрғылықты жері бойынша жұмысты ұйымдастыру, аула клубтарының қызметін үйлестіру.
- Міндеті: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.
Функциялары:
- бір жылға бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасау;
- бөлімнің ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім мамандары арасында міндеттерді бөлу;
- қызметтік хат-хабарлардың құжаттарын, өтініштерді, хаттарды, шағымдарды қарау және орындау, сондай-ақ бөлімнің құзыретіндегі мәселелерді қарау.
- Құқықтары мен міндеттері
Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде:
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, аудан әкімі өткізетін мәжілістерге, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
заңнамамен белгіленген тәртібі бойынша бөлімнің қызметіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпарат және материалдарды сұратып алуға;
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің белгіленген тәртіп бойынша сотқа талап арызымен жүгіну;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
бөлім қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауға және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуге құқылы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
- Жауапкершілігі
Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі.
Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы және лауазымдык нұсқаулықпен жүктелген міндеттерды орындамағаны және /немесе тиесінші орындамағаны үшін, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамау, қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дербес жауапкершілікте болады.
Бөлім қызметкерлері қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге және тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.
- Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелерімен және басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауы, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.