Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен бекітілген
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының
кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
- Бөлім:
1) басшы;
2) бас инспектор;
3) бас маман;
3) бас маманнан тұрады.
- Міндеттері мен функциялары
Міндеті:
- Өзінің құзыреті шегінде кәсіпкерліктің және өнеркәсіптің дамуына ықпал ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алдыңғы кезекті жоспарды бекіту туралы» №1039 Қаулысына сәйкес, инвестициялық жобаларды ақпараттық қолдау, аудандық өндірістік мекемелерінің негізгі даму бағыттарын айқындау.
- Бөлімнің негізгі қызметті:
Кәсіпкерлікті қолдау, заңсыз жерлердерде орналасқан сауда орындарын жою сұрағы бойынша аудандық қызмет және бөлімдермен, құқық қорғау және өзге де осы мәселеге қатысы бар мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас байланысын орнату, жандандыру.
Жетекшілік етілетін банктік мекемелер, ұсақ сауда орындары обьектілері, базарлар мен нарықтар, қоғамдық тамақтану, байланыс, сауда, қызмет көрсету салалары, өнеркәсіп мекемелерінің қызметтерін талдау және болжамдау (жобалау).
Меншіктік негізіне қарамастан жетекшілік етілетін ұйымдар мен мекемелерге қатысты талдау материалдары мен анықтамаларды дайындау, қажетті мәліметтерді жинау.
Тұрғындар тығыз орналасқан елді мекендердің ерекшелігін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық бағыттағы обьектілердің қажеттілігін зерттеу, аталған мәселе бойынша ұсыныс енгізу.
Бос жұмыс орындары, бос ғимараттар, шағын және орта бизнес обьектілері бойынша толық деректер қорын жасау, құру.
Жоғарғы тұрған мекемелердің өкімдері мен қаулыларын, сонымен қатар, бақылаушы қызметтер мен өзге де нормативтік актілердің талаптарын түсіндіру, насихаттау бойынша шағын бизнес өкілдеріне аудандық семинар ұйымдастыру.
Жоғары тұрған мекемелердің құжаттыр негізінде ұсыныстар мен жоспарлар құру, оны шағын және орта бизнес өкілдерінің назарына жеткізу, орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Мерекелік іс-шаралар және қайырымдылық акцияларына бизнес өкілдерін тарту, шақыру.
Жоғары тұрған мекемелерден келіп түскен тапсырмаларды орындау мақсатында аталған сала бойынша жетекшілік жүргізілетін аудан әкімі орынбасарының келісімімен өзге де мекемелер мен ұйымдардың мамандарын жұмылдыру.
Бөлім құзіретіне кіретін сала бойынша аудан тұрғындарының арыздары мен шағымдарын қабылдау, қарау.
- Құқықтары мен міндеттері
Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес, өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
- бөлімнің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша аудан әкімі, басқада мемлекеттік органдар өткізетін мәжілістерге және басқа да іс-шараларға бөлімнің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша қатысу;
- бөлімнің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және ұйымдардан заңнамамен белгілеген тәртіпке сәйкес қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
- бөлімнің құзіретіне жатқызылған ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына еңгізу;
- бөлімнің қызметкерлеріне тиісінше еңбек жағдайларын жасалуын қамтамасыз ету және олардың біліктілігін көтеру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтап, орындауға міндетті.
- Жауапкершілігі
Бөлім басшысы бөлімге осы Ереже арқылы жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапалы және уақтылы, толық орындалуы үшін жауапкершілікте болады.
Бөлімнің қызметкерлері лауазымдық міндеттері негізінде өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны, уақтылы орындамағаны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия болып табылатын мәліметтері немесе қызметтік сипаттағы мәліметтер жария еткені үшін дербес жауапкершілікте болады.
Бөлім қызметкерлері қылмыстар жасағаны және құқық тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және онда белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.
- Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы
Бөлімнің Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық мекемелердің және құрылымдық бөлімшелердің аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл жасауы ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.