Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен
бекітілген
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты
қаржы-шаруашылық бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).
- Бөлім тұрады:
1) басшы;
2) бас инспектор;
3) бас маман;
4) бас маман;
5) бас маман.
- Міндеттері мен функциялары
Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:
1.Бухгалтерлік есеп жүргізу, материалдық және қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуына бақылау жасау, аудан әкімі аппараты меншігінің сақталуын қамтамасыз ету;
2.Бірыңғай бюджеттік Сыныптауышқа сәйкес бюджет жобасын қалыптастыру, шығыстар сметасын жасау;
3.Белгіленген тәртіппен тиісті органдарға бухгалтерлік есептер мен баланстарды жасау және ұсыну;
4.Әкім аппаратының мұқтажы үшін тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалану;
5.Ғимараттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
- Жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бөлім мынадай функцияларды орындайды:
1.Қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2.Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және қорғау;
3.Тиісті қаржы жылына арналған жеке қаржыландыру жоспарын жасау және орындау;
4.Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарды жасау және бекіту;
5.Штаттық кестені бақылау және тексеру, қызметкерлерге жалақыны уақтылы төлеу, салық төлемдері мен әлеуметтік аударымдарды аудару, банктермен өзара іс-қимыл жасау, тауар-материалдық қорлардың кірісі мен шығысы бойынша жұмыс;
6.Мемлекеттік сатып алу жоспарында ескертілген мерзімде мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында жариялау үшін құжаттаманы қалыптастыру (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, шартты тікелей жасасу тәсілімен);
7.Бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін бақылау, бухгалтерлік есептілікті жасау, салық есептілігін жасау, статистикалық есепті жасау және тапсыру, жеткізушілермен салыстыру актілерін жасау;
8.Бухгалтерлік құжаттарды қабылдау, есепке алу және сақтау және мұрағатқа мемлекеттік сақтауға беру;
9.Мекеменің қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістер мен шығыстар туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрау бойынша бақылаушы органдарға уақтылы ұсыну.
- Құқықтары мен міндеттері
Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес өз құзыреті шегінде:
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің отырыстарына, басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдардан мәліметтер, ақпараттар, материалдар және басқа да құжаттарды талап етуге;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға құқылы.
4.Жауапкершілік
Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім басшысы толық жауап береді.
Бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттердің уақытылы орындалмауына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия немесе қызметтік сипаттағы мәліметтерді жария етуге дербес жауапты болады.
Бөлім қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
- Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелері және өзге де бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.