Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен бекітілген
Әуезов ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
- Бөлім:
1) басшы;
2) бас инспектор;
3) бас маманнан тұрады.
- Міндеттер мен функциялары
Міндеті:
Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу жөніндегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың жоспарларының, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық штабтың жоспарларының орындалуын үйлестіру, алқа билер бойынша жоспарлардың орындалуын үйлестіру, қоғамдық медиаторлар туралы тізілімді жүргізу, тиісті органдарда нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және талдау, жалпы құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Құқық қорғау органдарының, мекемелер және ұйымдармен бөлім қызметінің мәселесі бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Әуезов ауданы аппаратының және әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот отырыстарына қатысу;
Әуезов ауданы әкімінің қабылдайтын шешімдері мен өкімдерін келісу;
бөлімге келіп түскен азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
қоғамдық медиаторлар туралы тізілімді жүргізу;
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің және аудан әкімі аппаратының басшысы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Құқықтары мен міндеттері
Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде:
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, аудан әкімі өткізетін мәжілістерге, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
заңнамамен белгіленген тәртібі бойынша бөлімнің қызметіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпарат және материалдарды сұратып алуға;
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің белгіленген тәртіп бойынша сотқа талап арызымен жүгіну;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
бөлім қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауға және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуге құқылы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
- Жауапкершілігі
Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі.
Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы және лауазымдык нұсқаулықпен жүктелген міндеттерды орындамағаны және /немесе тиесінші орындамағаны үшін, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамау, қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дербес жауапкершілікте болады.
Бөлім қызметкерлері қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге және тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.
- Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелерімен және басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауы, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.