ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

    1 / 4

    Түркістан облысында өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Кезекті жеке қабылдауды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өткізіп, өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтардың өтініштері мен шағымдарын тыңдады.

    Қабылдауға Түркістан және Арыс қалаларынан, сондай-ақ Келес ауданынан 10-нан астам азамат келді.

    Азаматтар бірқатар өзекті мәселені көтерді. Көпшілікті денсаулық сақтау саласындағы мәселелер алаңдатады. Сонымен қатар тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жұмысқа орналасу және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

    Жеке қабылдауға келген азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті жауаптар берілді. Бірқатар мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

    Жеке қабылдау барысында айтылған өтініштер зерделеніп, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары